Лицензиялау процесі

Лицензиялау процесі

Өтінім беру:

  1. АХҚО Бизнесті дамыту тобына хабарласыңыз:

Біз фирмаларға ең алдымен AIFC Business Connect-ке хабарласуды ұсынамыз. Олар сізге АХҚО ұсынатын артықшылықтарды бағалауға көмектеседі, осылайша сізге Орталықта болуыңыз фирмаңыз үшін экономикалық мәнге ие бола ма екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

AIFC Business Connect-пен байланыс орнатуға арналған электронды пошта: [email protected].

  1. Өтінім беруге дайындық

Кейбір фирмалар бірден сауалнаманы толтыруға кіріседі. Бұл көбінесе бланктің сапасыз толтырылуына және өтінім беру процесінің созылуына әкеледі. Төменде процеске дайындық бойынша бірнеше ұсыным берілген :

  • Қандай қызмет түрімен айналысқыңыз келетінін шешіңіз және қызметтің қай түріне – «Реттелетін», «Нарықтық» немесе «Қосалқы» өтінім беру керек екенін анықтаңыз.
  • Жоғарғы басшылықтың кім болатынын және уәкілетті лауазымдарды кім атқаратынын анықтаңыз. Жеке сауалнамаларды толтыруға дайындалыңыз.
  • Өзіңіздің жоспарлаған іс-әрекеттеріңізді, 3 жылға арналған қаржылық болжамдарыңыз бен бюджетіңізді, адами, жүйелік және қаржылық ресурстарды қамтитын кешенді бизнес-жоспар жасаңыз. Бизнес-жоспар Лицензиялау департаментіне жіберіледі, ондағы мамандар сіздің ұсынысыңызға түсініктеме беретін болады.
  • АХҚО қолданыстағы Актілерімен және Қағидаларымен танысыңыз және оларды қалай сақтау керектігін көрсетуге дайын болыңыз. Бұған заңнамалық талаптарға сәйкестік жөніндегі нұсқаулықты, мониторинг комплаенс бағдарламасын және тәуекелдерді басқару саясатын ұсыну кіруі мүмкін. АХҚО Актілері мен Қағидаларын біздің веб-сайттың «Нормативтік-құқықтық база» бөлімінен табуға болады.
  • Кез-келген жағдайда сақталуы керек реттеушілік капиталға қойылатын ең төменгі талаптарды анықтаңыз. Бұл сіздің 3 жылға арналған қаржылық болжамдарыңызға енгізілуі керек.
  1. Өтінім нысанын толтыру

Сіздің барлық қажетті ақпаратты бергеніңіз өте маңызды. Ашықтық пен адалдық – бұл міндетті шарт. Егер бізге сіздің қандай да бір ақпаратты ашуыңызға байланысты сіздің өтінішіңізді мұқият зерделеу қажет болса, бұл міндеті түрде сізге теріс әсер етеді деген сөз емес. Алайда, ақпаратты әдейі бермеу немесе жалған немесе жаңылыстыратын ақпарат беру сіздің өтініміңіздің қаралуына кері әсерін тигізеді.

Комитетке өтінім жіберумен қатар, сізге АХҚО Компанияларды тіркеушісі арқылы тіркелу процесін бастау керек. Бұл сізге лицензия процесі аяқталғаннан кейін кідірісті болдырмауға көмектеседі.

  1. Өтінімдерді өңдеу

Өтінімнің сәтті қаралуының нәтижесі АФСА-ның сіздің атыңызға мақұлдау туралы хатты жіберуі болып табылады, бұл сізге тіркелу процесін аяқтауға мүмкіндік береді. Содан кейін сіз Компанияларды тіркеушісінен сәтті тіркеуден өткендігіңізді, фирманы жеткілікті мөлшерде капиталдандырғаныңызды және барлық шешілмеген мәселелерді шешкеніңізді растайтын дәлелдерді көрсеткеннен кейін сізге лицензия береміз.

Біз лицензия алуға арналған барлық өтінімдерді жедел өңдеуге тырысамыз, алайда нақты өңдеу уақыты өтінім берушінің жоспарлаған операцияларының күрделілігіне және өтінімнің сапасына байланысты болады. АФСА толық ресімделген өтінімді алған сәттен бастап өтінімді өңдеуге жұмсалатын орташа уақыт шамамен екі-үш айды құрайды. Бұған АФСА өтінім берушіден ақпарат немесе жауап күтетін уақыт кірмейді.

Лицензиялау департаментінің қызметкерлері өтінім берушілерге өтінім беру процесінде көмектесе алатындығына және АФСА-ның өтінімге қойылатын талаптарын түсіндіре алатындығына қарамастан, АХҚО-ның Бизнесті дамыту тобы анағұрлым практикалық көмек бере алады. Сондықтан өтінім берушілерге өтінім берместен бұрын Бизнесті дамыту тобының қызметкерімен байланыс жасауға кеңес береміз. Бұдан басқа, АФСА осындай қызметтерді ұсына алатын АФСА-ның Жария тізіліміне енгізілген бірқатар консалтингтік компанияларға лицензия берді.

  1. Бізбен хабарласу үшін:

Барлық сұрақтар бойынша кез келген уақытта, осы сілтемеге басу арқылы хабарласуға болады.

Электронды мекенжай: [email protected]