АХҚО 2021 жылға дейін лицензиялық төлемдерден бас тартпақ
АХҚО 2021 жылға дейін лицензиялық төлемдерден бас тартпақ
AFSA
18 June 2018 00:00:00

Астана халықаралық қаржылық орталығының (АХҚО) қаржылық қызметтерді реттеу бойынша комитеті (AFSA) 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін реттелетін, нарықтық және көмекші қызметтерге лицензия беру төлемін қабылдамау туралы шешім қабылдады. Алайда аталмыш бас тарту компанияның тіркелу жарнасына қатысты қолданылмайды, бұл жарна $100 мөлшерінде қалады. 

«Лицензиялық алымды төлеуден бас тарту АХҚО дамытудағы маңызды бастапқы қадамдардың бірі, себебі ол бизнес жүргізу құнын айтарлықтай төмендетуге және бизнеске АХҚО-ны қаржылық және қаржылық емес қызметтердің орталығы ретінде қабылдауына себепші болады. Бұл шешімнің мақсаты – компаниялардың орталық қатысушысына айналуы үшін қолайлы бизнес орта қалыптастыру. Біздің пікірімізше, алымдардан бас тарту жергілікті және халықаралық компанияларды, сондай-ақ жеке тұлғаларды алаңды Орталық Азия мен шет мемлекеттерде бизнес жүрігузег арналған орталық ретінде қолдануға ынталандырады.», – деді AFSA басшысы Стивен Глинн.


Соңғы жаңалықтар