АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Abu Dhabi Global Markets халықаралық қаржы орталығының тіркеушілері ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды
АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Abu Dhabi Global Markets халықаралық қаржы орталығының тіркеушілері ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды
AFSA
19 June 2018 00:00:00

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) және Abu Dhabi Global Markets халықаралық қаржы орталығы (ADGM) тіркеушілер арасындағы ынтымақтастық туралы декларациясына қол қою арқылы екіжақтық қарым-қатынасты нығайтуда. Құжатқа AFSA Бас директоры Стивен Глинн және ADGM Тіркеу органының Атқарушы директоры Дхахер Бин Джахер Аль Мхеири қол қойды.

  • Ынтымақтастық туралы декларацияның мақсаты реттейтін ережелерді, тіркеушілердің процестері мен ақпараттық технологияларын және АХҚО мен ADGM-де компанияларды тіркеу функцияларын өзара түсінуді жақсарту болып табылады.
  • Декларацияда әр органның функциясын орындауға жәрдемдесу, өзара көмек көрсету, өзара кәсіби тренингтер өткізу және әр органның қызметкерлерін іссапарға жіберу ұсыну мүмкіндіктерін ұсынуға қажетті шарттар қарастырылған. Тараптар компанияларды тіркеу процесстеріне ықпал ететін халықаралық стандарттарды және компанияларды тіркеу бойынша қызметтер мен операцияларды дамытудағы үрдістер туралы ақпарат алмаса алады.
  • «AFSA мен ADGM берік екіжақты қарым-қатынас орнатып, тиісті саладағы сараптамаға бір-біріне сүйенеді. AFSA мен ADGM қаржы технологиялар саласында өзара қолдау және ақпарат алмасу туралы екіжақты келісім орнатты және де осы Ынтымақтастық туралы декларация біздің өзара іс-қимылымызды кеңейтеді», - деді Глинн мырза.

«ADGM басты артықшылықтарының бірі халықаралық стандарттар шеңберінде озық тәжірибемен алмасу және тұрақты қолдау үшін әлемнің көшбасшы компаниялардың тіркеушілерімен өзара әріптестікті орнату болып табылады. Бұл серіктестік біздің қызметкерлердің дағдыларын дамытуға және білімдерімен бөлісу үшін бірегей мүмкіндік ұсынады. Біз өз серіктестерімізбен ADGM-да компанияларды тіркеу функциясын одан әрі дамытуды қолдау үшін тығыз ынтымақтастыққа үміттенеміз», - деді Дхахер Аль Мхеири мырза.

 

Анықтама ретінде:

 

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

www.aifc.kz   

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА) «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА) қаржылық қызметтерді және «Астана» халықаралық қаржы орталығында олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі, заңды тұлға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы болып табылады. Осылайша, АФСА қаржы компаниялары мен нарық мекемелерінің рұқсатын алуын, тіркеуді, растауды және бақылауды көздейді.

www.afsa.kz

 

Abu Dhabi Global Market халықаралық қаржы орталығы (ADGM) бизнес үшін 2015 жылдың 21 қазан айынан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында ашылған. БАӘ федералдық өкіммен қаржы орталық ретінде, ADGM бизнес пен қаржы жаһанды хабы ретінде болу үшін және Таяу Шығыс, Африка, Оңтүстік Азия және қалған әлем мемлекеттерінің өсіп келе жатқан экономикаларының арасында стратегиялық байланыстырушы буын ретінде Абу-Дабидың позициясын күшейтуге жәрдемдесу үшін құрылған.

ADGM стратегиясы Абу-Дабидың  жеке банктер, капиталды басқару, активтерді басқару және қаржылық инновациялар негізгі артықшылықтарына негізделген. ADGM үш тәуелсіз органдар - ADGM Соты, қаржылық қызметтерді Реттеуші, және халықаралық қаржы орталық бола отырып, Тіркеуші орган, қаржылық бос аймағы болып табылатын Әл-Марьа Аралын басқарады. Ол жалпы құқығында негізделген тіркелген қаржы институттары мен компанияларға өзінің қызметін, халықаралық нормативтік база шеңберінде инновацияларды құруға және жетуге мүмкіндік береді. ADGM бастамалар мен қаржы нарығы және капитал нарығы индустриясына қосқан үлесі үшін іске қосылғаннан бері бастап "Жыл Қаржы Орталығы (MENA)" наградаларына екі жыл қатарынан ие болды.

www.adgm.com


Соңғы жаңалықтар